Мұнай қабаты параметрлерiн нақтылау бойынша алынған сүзгiлеу теориясының бiр керi есебi туралы
Abstrak
Мақалада нақты деректердi пайдалану кезiнде нақты уақыт режимiнде өнiмдi қабаттың коллектор-лық қасиеттерiн дәлiрек анықтауға мүмкiндiк беретiндей сүзгiлеу теориясының керi есебi зерттелдi. Бұл мақсатта ұңғымалар бойынша сұйық дебитiнiң, газ және қабат қысымының уақытқа тәуелдiлi-гiнiң қажеттi шарттары анықталды және нақты мәлiметтер берiлiп, белгiлi бiр кен орнының техноло-гиялық көрсеткiштерi қалпына келтiрiлдi. Тура және керi есептер шығарылды, оларды шешудiң ал-горитмi ұсынылды. Сулы қабаттың облыс шеттерiнде жеткiзу, жеңiлдету және сүзгiлеу-сыйымдылық параметрлерiнiң шарттары қалпына келтiрiлгенде ұңғымалардағы J сәйкессiздiк функционалының азаюы қалпына келтiру және сәйкестендiру есептерiнiң дәйектi шешiмдерiн алудың жеткiлiктi шарты болып табылатындығы көрсетiлдi. Атырау облысы кен орындарында алынған мәлiметтер негiзiнде сандық тәжiрибелер жүргiзiлдi.
Topik & Kata Kunci
Penulis (4)
N.К. Shazhdekeeva
G.К. Shambilova
А.N. Мyrzasheva
Е. Latipov
Akses Cepat
- Tahun Terbit
- 2018
- Sumber Database
- DOAJ
- DOI
- 10.31489/2018m1/77-83
- Akses
- Open Access ✓