Публицистикалық дискурс және әлеуметтік- коммуникативтік арақатынас
Abstrak
Мақалада пәнаралық бағыт алып отырған дискурс теориясының қолданысы, публицистикалық дискурстың қызметі, дискурс дефиницалары, әлеуметтік-мәдени контекстегі коммуникация мәселелері қарастырылады. Тілдік қарым-қатынастың концепциясын жан-жақты зерттеу мен жаңа қырынан тануда дискурс терминінің қолданысы бүгінгі ғылымға серпінді өзгерістер алып келуде. Осындай жаңа деңгейдегі ізденістердің қатарынан орын алып отырған дискурс тақырыбы ауқымы кең, әрі күрделі құрылым ретінде қарастырылады. Сондай-ақ дискурстың жекелеген ерекшеліктерін тануда публицистикалық дискурс қолданысы зерттеу нысанына алынды. Публицистикалық дискурстың телевизиялық дискурс,газет дискурсы, медиадискурс, БАҚ дискурсы сынды түрлі аспектілерде теориялық әрі тәжірибелік негізде қарастырылуы мен қажеттілігіне назар аударылды. Ұсынылып отырған мақаланың мақсаты – публицистикалық дискурста әлеуметпен өзара қарым-қатынас орната отырып, адресант пен адресат арасындағы байланысты жаңа парадигмалық үлгіде жүзеге асыру әдістерінің маңыздылығын көрсету. Институционалды дискурсты ұйымдастыруда кәсіби және этникалық факторларды да тізбектей бірізді жүргізіп отыру тәжірбиелік тұрғыдан маңыздылығын арттыра түседі. Зерттеу барысында публицистикалық дискурстағы дискурс категориясының жіктемесі ұсынылды, публицистикалық дискурстың коммуникативтік кеңістікте орналасуы көрсетілді. Теледидар мен радио, газет дискурсының өзара артықшылықтары мен кемшін тұстары арқылы әлеуметтік-коммуникативтік арақатынас кеңістігінде орналасуы сараланды. Публицистикалық дискурста коммуникативтік стратегия мен тактиканы қолдана отырып адресатпен сәтті байланыс орнату арқылы патриоттық идеясын жүзеге асыру әдіснамалық негіздері ретінде танылады. Адами факторларды негізге ала отырып қоршаған ортаның тілдік санасы, аялық білімін тануда публицистикалық дискурс тұрғысынан зерттеулер жүргізу қажеттілігі зор. Мақала дискурстық зерттеулермен айналысатын ғылымдар үшін маңызды болмақ. Түйін сөздер:Дискурс,публицистикалық дискурс, әлеуметтік-коммуникативтік арақатынас, теле-радио дискурс, газет дискурсы
Topik & Kata Kunci
Penulis (2)
A. M. Zhumagulova
B. Zh. Karimova
Akses Cepat
- Tahun Terbit
- 2021
- Sumber Database
- DOAJ
- DOI
- 10.26577/HJ.2021.v61.i3.03
- Akses
- Open Access ✓